Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Картоп-балдыркөк пюресімен және жаңа піскен қызанақтардан жасалған тұздықпен Brama нагетцылары

Ингредиенттері

Брама нагетцылары- 3-4 дана

Картоп - 100 г

Балдыркөк тамыры - 50 г

Пияз - 30 г

Сарымсақ - 5 гр

Жаңа піскен қияр - 50 г

Зәйтүн майы - 30 г

Фритюрға арналған май - 150 г

Консервіленген немесе жаңа піскен қызанақтар - 100 г

Кілегей 30% - 50 г

Мускат жаңғағы - 1 г

Дәміне қарай тұз

Безендіруге арналған аскөк

Даярлау тәсілі

Картоп пен балдыркөк тамырын тазалаймыз, кішірек текшелермен кесеміз, су мен сүт құйып, тұздаймыз. Толық дайын болғанға дейін баяу отта пісіреміз. Сұйықтықты төгіп тастап, кілегей қосамыз және пюреге айналғанша езгішпен ұсақтаймыз. Ұнтақталған мускат жаңғағын қосамыз. Дәміне қарай тұз қосамыз.

Пияз бен сарымсақты өте ұсақ текшелерге бөліп кесеміз. Бір минут бойы зәйтүн майына қуырамыз. Қабығы алынып, майдаланған қызанақ қосамыз. Бес минут баяу отта бұқтырып пісіреміз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш саламыз.

Қиярды ұзын слайстармен кесіп, роллдарға ораймыз.

Брама нагетцыларын сары түске айналғанша қуырамыз. Тәрелкеге пюре салып, үстіне Брама нагетцыларын, жанына тұздық,  қиярдан жасалған ролл саламыз, аскөкпен безендіреміз.