Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Brama бауырсақтарымен балықтан жасалған тай сорпасы

Ингредиенттері

8 порцияға арналған

Брама бауырсақтары - 1 қорап

Бахтах сүбесі - 500 г

Көксерке еті - 300 г

Порей пиязы - 200 г

Балдыркөк - 200 г

Балғын зімбір - 50 г

Түсті қырыққабат - 200 г

Сарымсақ - 30 г

Лемонграс - 5 дана

Лайм жапырақтары - 5-7 дана

Лайм - 1 дана

Чили бұрышы - 1 дана

Кокос сүті - 450 г

Өсімдік майы - 50 г

Карри пастасы (тайдікі ) - 50 г

Дәміне қарай тұз, бұрыш

Су немесе балық сорпасы - 1,5 л

Даярлау тәсілі

Балық етін шағын бөліктерге кесеміз. Көкөністерді ұзыншалап, сарымсақты ұсақтап кесеміз. Кастрөлге майды қыздырамыз. Көкөністерді қуырамыз, карри пастасын қосамыз. Су немесе сорпа құямыз, лемонграс, лайм жапырақтарын, чили, тұз қосамыз да, 10 минут қайнатамыз. Одан кейін балықты салып, баяу отта 5-7 минут қайнатамыз. Брама бауырсақтарын қосамыз және тағыда 7 минут пісіреміз. Кокос сүтін құйып, қайнатамыз, жарты лайманың шырынын қосамыз және дәмін келтіреміз. Балғын күнземен, чилимен және лайммен ұсынылады.