Жалпы сұрақтар
+7 (727) 355-15-26
info@rybprom.kz
Қазақстан үшін ресми дистрибьютор
+7 (727) 290-70-48
sale@aquafoodtrade.kz
Жароков қ., 272Б
Қатпарлы қамырдағы көкөністер қосылып пісірілген бахтах

Ингредиенттері
Бахтах – 1 дана
Пияз – 50 г
Сарымсақ – 10 г
Сәбіз – 50 г
Болгар бұрышы – 50 г
Цукини – 50 г
Брокколи – 50 г
Лимон – 1 шт
Гүлшетен – 5 г
Зәйтүн майы – 50 г
Балыққа арналған дәмдеуіштер 10 г
Қатпарлы қамыр – 150 г
Жаңа піскен қызанақ тұздығы – 100 г
Тұз, бұрышдәміне қарай
Даярлау тәсілі
Бахтахты жуып, қағаз сүлгімен құрғату керек. Іші-сыртына дәмдеуіштер жағып, тұздап, бұрыштап, үстінен лимон шырыны мен зәйтүн майын бүрку керек. 30 минутқа қалдыру қажет.
Көкөністерді таяқшалап кесіп, тұздап, гүлшетен, бұрыш, зәйтүн майын және лимон шырынын қосу керек.
Көкөністерді бахтахтың ішіне саламыз. Қатпарлы қамыр илеп, оны қалыңдығы 0,5 см кесінділерге кесеміз. Осы кесінділермен балықты тор түрінде ораймыз, бахтахты ішімен төмен қаратып табаға салып, 170 градус температурада 25-30 минут пісіреміз. Дайындық дәрежесін қамырға қарап анықтаймыз.
Балықты табаққа саламыз. Жаңа піскен қызанақ тұздығын немесе дәміне қарай кез келген басқа тұздықты береміз.
Басқа рецепттер

