Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Бахтахтан жасалған балық равиолиі

Ингредиенттері

Равиоли қамыры:

Бидай ұны  - 700 г

Тауық жұмыртқасы - 140 г

Жаңа сығылған сәбіз шырыны - 160 мл

Тұз

Балықтан жасалған салма:

Жаңа ғана мұздатылған бахтах сүбесі - 500 г

Ақ нан - 150 г

Жүгері жармасы - 80 г

Кілегей 30% - 100 мл

Сүт - 400 мл

Балғын насыбайгүл - 30 г

Балғын ақжелкен - 30 г

тұз, бұрыш ұнтақталған

Қызанақ тұздығы - 50 г

Пармезан ірімшігі- 20 г

Даярлау тәсілі

Равиоли қамыры:

Ұнға сәбіз шырыны құйылады, жұмыртқа, тұз қосылып, қамырды біртекті консистенцияға айналғанша илейді. Дайын қамырды желімшесі бөртуі үшін және қамырға иілгіштік беру үшін 30-40 минут қойып, содан кейін қолдану керек.

Балықтан жасалған салма:

Нан 300 граммда екі сағат жібітіледі.  Жүгері полентасы дайындалады. 80г жармаға 100 мл сүт және 100 мл су, тұз қосылады. Қоюланғанға дейін 20 минут баяу отта пісіріледі. 

Салма үшін  бахтах еті ұсақ текшелерге кесіледі, сығылған нан, салқындатылған полента, майдалап кесілген көкөністер, тұз, бұрыш қосылады, кілегей құйылып, араластырылады.

Тілкемдерінің жалпақтағы 10-12 см, қалыңдығы 1,5 мм қамыр жайылады (бір өнімге арналған қамырдың салмағы(20-25 грамм),бір өнімге арналған салмағы 30 грамм салма салынады. Шеттеріне жұмыртқаның ақуызы жағылады. Қамыр қақ ортасынан бүктеліп, шеттері жапсырылады, жасалған равиолдар кесіліп, қажетті пішін беріледі.

Равиоли тұз қосылған суда 5-7 минут қайнатылады. Порцияға 3 данадан салынып, қызанақ тұздығымен және  Пармезан ірімшігімен беріледі.