Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Баялды икрасымен ұнға қақталған шабақ

Ингредиенттері

Ірі шабақ – 3 - 4 дана

Баялды – 50 г

Пияз – 30 г

Сарымсақ – 5 г

Балғын күнзе – 5 г

Балғын чили бұрышы – 5 г

Занзабіл – 10 г

Күнжіт майы – 10 г

Өсімдік майы – 150 г

Кептірілген нан ұнтағы – 50 г

Ұн – 30 г

Жұмыртқа – 1  дана

Балық дәмдеуіштері – 5 г

Устрица тұздығы – 10 г

Соя тұздығы – 20 г

Көкөніс сорпасы – 50 г 

Дәміне қарай тұз, бұрыш

Даярлау тәсілі

Шабақты  жуып, қағаз сүлгімен құрғатамыз. Дәмдеуіштер себеміз де, льезонға (жұмыртқа мен ұн қоспасы) маламыз және кептірілген нан ұнтағына аунатамыз.

Баялдыны қабығынан тазалаймыз және ұсақ текшелермен тураймыз. Пиязды, чили бұрышын және сарымсақты ұсақтап тураймыз. Көкөністерді өсімдік майына қуырамыз, үгілген занзабіл, балғын күнзе мен күнжіт майын қосамыз. Дәміне қарай тұздаймыз, бұрыштаймыз.

Көкөніс сорпасын қайнатамыз, устрица және соя тұздықтарын қосамыз. Төрттен бірге қайнатамыз.

Шабақты  сары түске айналғанша шыжып тұрған майға қуырамыз. Тәрелкеге баялды икрасын, үстінен шабақты  саламыз, Тұздықты бөлек тұздық сауытқа салып береміз.