Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Тамыр жемістері қосылып, ақ шараптағы бөктірілген минтай сүбесі

Ингредиенттері

Минтай  сүбесі:

минтайдың тұтас еті ж/м - 350 г

Зәйтүн майы - 20 мл

Балық дәмдеуіштерінің қоспасы

Тұз,ұнтақталған қызыл бұрыш

Тамыр көкөністерден жасалған гарнир:

Картоп - 50 г

Балдыркөк тамыры - 60 г

Фенхель - 50 г

Сарымсақ - 10 г

Черри қызанақтары - 30 г

Ақ құрғақ шарап - 50 мл

Сары май - 30 г

Тұз, ұнтақталған бұрыш, прованс шөптері

Кілегей 30% - 20 г

Даярлау тәсілі

Минтай  сүбесі:

Минтай ұшасын жібітеміз, терісіз және сүйексіз еттерге бөлеміз, дәмдеуіштермен тұздықтап, май бүркиміз.

Тамыр жемістерінен жасалған гарнир:

Тамыр жемістерін ұсақ текшелермен кесеміз, шөптерді ұсақтаймыз. Сарымсақтың бір бөлігін пышақпен еземіз. Сары майды ерітіп, көкөністерді қосып, бір минут шала қуырамыз, тұздаймыз және бұрыштаймыз, шарап пен кілегейді құямыз. Үстіне минтай етін, черри қызанағын саламыз да, қақпағын жауып қоямыз, 8-10 минут ақырын отқа қойып бөктіреміз.