Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Күлгін күріш пен қызылша муссындағы картоптан жасалған қабыршағы бар алабұға сүбесі

Ингредиенттері

Алабұға сүбесі - 120 г

Картоп - 50 г

Пісірілген күріш - 70 г

Қызыл қырыққабат - 60 г

Сары май - 20 мл

Картоп пюресі - 20 г

Черри қызанағы - 10 г

Қызылша - 30 г

Зәйтүн майы - 20 мл

Шарап сірке суы - 10 г

Порей пиязы - 10 г

Аскөк - 1 г

Ақ шарап - 10 мл

Тұз, бұрыш - 1 г

Даярлау тәсілі

Алабұға сүбесін қабыршағынан, сүйектерінен тазалаймыз, тұздаймыз, бұрыштаймыз. Картопты тазалап, дөңгелек пішінде кесеміз, жұқа слайстармен тураймыз. Еттің үстіне қабыршақ түрінде карт оп слайстарын саламыз да, қабыршақшасы сарғайғанға дейін зәйтүн майына қуырамыз.

Қызылшаны жұқалтырға салып дайын болғанша тұмшапеште пісіреміз және тұз бен шарап сірке суын қосып, біркелкі массаға айналғанша блендерде кесеміз.

Пісірілген күрішке қызыл қырыққабат шырынын қосып, сары май қоса отырып, табада қыздырамыз.

Порей пиязын жұқалап және ұзыншалап кесеміз де, ақ шарап қоса отырып, ыстық сумен жидітеміз. Картоп пюресін жылытамыз.

Алабұға сүбесін  күлгін тұздықта қызылша мен картоп пюресімен бірге қоямыз, черри қызанақтарымен және порей пиязымен сәндейміз, . Аскөк жапырақтарымен безендіреміз.