Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Брокколи тұздығы қосылған көкөніс рагуымен алабұға сүбесі

Ингредиенттері

Алабұға сүбесі - 300 г

Қызылша - 100 г

Сәбіз - 100 г

Брокколи - 50 г

Кілегей 33% - 30 г

Балғын жебіршөп - 2 г

Микро аскөк - 1 г

Бұрыш светофор - 20 г

Цукини - 20 г

Пияз- 20 г

Қызанақ - 20 г

Тұз - 3 г

Қара бұрыш - 1 г

Мускат жаңғағы - 1 г

Ұн ж/с- 20 г

Даярлау тәсілі

Алабұға сүбесін  сүйектерден тазалаймыз, ұсақтап туралған жебіршөп пен сарымсақ, тұз бен бұрыш себеміз. Ұнға аунатамыз. Өсімдік майы жағылған қыздырылған табада қуырамыз. Әр жағын 3 минуттан қуырамыз.

Гарнир

Сәбіз бен қызылшаны қабығынан тазалаймыз, ұсақтап тураймыз, жұқалтырдан конверт жасаймыз, бөлек жұқалтырға көкөністерді салып, өсімдік майын құямыз, ұсақтап туралған жебіршөп пен сарымсақ себеміз. 180 ° C температурада 20 минут пісіреміз. Даяр болғаннан соң, блендерде бөлек қызылша мен сәбізді кесеміз, 33% кілегей, дәміне қарай тұз, қара бұрыш, және мускат жаңғағын саламыз.

Рагу үшін: бұрыш светофорды, пиязды, цукини мен қызанақтытекшелеп кесеміз, жартылай дайын болғанша май жағылып қыздырылған табада қуырамыз, тұз, қара бұрыш, ұсақтап туралған сарымсақ пен жебіршөп қосамыз.

Тұздық

Брокколилі 2 минут қайнатамыз, содан кейін блендерде кесіп, тұз, қара бұрыш, мускат жаңғағын және 33% кілегей қосамыз, қажет болған жағдайда брокколи қайнатылған суды қосамыз.

Қуырылған алабұға етін рагумен бірге салып, жанына сәбіз бен қызылшадан жасалған қосымша пюре гарнирді қоямыз, үстіне брокколиден жасалған тұздық құямыз және микро аскөкпен сәндейміз.