Жалпы сұрақтар
+7 (727) 355-15-26
info@rybprom.kz
Қазақстан үшін ресми дистрибьютор
+7 (727) 290-70-48
sale@aquafoodtrade.kz
Жароков қ., 272Б
Азия стиліндегі сазан

Ингредиенттері
Сазан - 1300 г
Зімбір - 100 г
Сәбіз - 200 г
Жаңа піскен қияр - 100 г
Болгар бұрышы - 70г
Түйінді бұрыш - 100 г
Балдыркөк сабағы - 100 г
Күнжіт майы - 10 мл
«Sprin roll» күріш қамыры - 2 тілім (5 гр)
Өсімдік майы - 100 мл
Күнжіт дәнегі - 10 г
«Sweetchile» тай тұздығы - 100 мл
Тұз - 1 г
Ұнтақталған қара бұрыш - 1 г
Панко кептірілген наны - 20 г
Жұмыртқа - 1 дана
Сарымсақ - 3 бөлігі
Күнзе - 10 г
Даярлау тәсілі
«Рыбром» сазанын аламыз, өңдейміз, артық бөлшектерін алып тастаймыз, сүйектерін алып тастаймыз. Зімбірді ұсақтап үгінділейміз, свит чили тұздығын, сарымсақты, күнзені, күнжітмайын қосып араластырамыз да, сазанды маринадтап қоямыз. 10 минутқа тоңазытқышқа салып қоямыз.
Роллалар жасаймыз:
Сәбізді, болгар бұрышын, түйінді пиязды, балдыркөкті ұзыншалап кесеміз. Қиярдың тек қабығын (қатты бөлігін) аламыз, оны да ұзыншалап кесеміз. Тұз, бұрыш, күнжіт дәнегін қосамыз, осының бәрін өсімдік майына аздап қуырамыз, 50% дайын болғанша қуырамыз. Майдың қалдығы мен көкөністердің шырыны ағып кеткенше алып қоямыз, суытамыз.
Келесі кезеңі, 2 тілім күріш қамырын алып, шеттеріне жұмыртқа жағамыз. Дайын көкөністерді қамырға саламыз. Шеттеріне жұмыртқа жағып, ролл етіп ораймыз, «панко» кептірілген нанын аламыз.Қалған жұмыртқаға роллдарды маламыз да, кептірілген нанға аунатамыз. Жақсылап алақанға салып пішін береміз, тоңазытқышқа салып қоямыз.
Қорытынды бөлігі, сазанды аламыз, ролл пішінін жасаймыз. Пісіретін табаққа жік жағын төмен қаратып саламыз. Үстіне балықтан қалған маринадты себеміз де, 180 градус температурада 10-15 минут тұмшапешке қоямыз. Роллдарымызды көп май құйып, табаға қуырамыз. Өз қалауымызша безендіреміз!
Басқа рецепттер



