Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Компанияның туған күні

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында «Рыбпром» ЖШС өзінің 19-шы Туған күнін атап өтті!

Өткен жылдары біздің Компания айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді және жоғары сапалы балық өнімдерін өндіру саласында Қазақстандағы көшбасшыға айналды. «Рыбпром» компаниясының өндірістік қуаттары әртүрлі өнім түрлерін шығаруға мүмкіндік береді. Сұраныстың өсуіне байланысты өндіріс көлемі ұдайы өсуде, балықтан жасалған жартылай фабрикаттар мен өнімдерінің ассортименті де кеңеюде. Компания бірнеше рет түрлі сыйлықтардың жеңімпазы, оның ішінде «Жыл таңдауы» сыйлығының иегері болды, ал 2018 жылдың желтоқсанында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясының жеңімпазы атанды.

Компания озық технологияларды енгізуде, жаңа объектілерді салуды және қолданыстағы объектілерді техникалық қайта жарақтандыруды жүзеге асырады.

Бірақ Компанияның ең басты байлығы, әрине, біздің қызметкерлеріміз - өз ісінің шеберлері, кәсібіне адал адамдар болып табылады. Компанияның көптеген қызметкерлері мұнда 10-15 жыл жұмыс істейді. Қызмет атқару кезеңі ішінде қызметкерлер саны 380 адамға дейін өсті. Біз барлығымыз «РЫБПРОМ» ЖШС қызметкерлері болып табылатындығымызды мақтан тұтамыз!

Туған күнінде біздің Компаниямыздың одан әрі өсіп — өркендеуін, ал әрқайсысымызға-денсаулық, бақыт, махаббат, молшылық, әрине, тиімді жұмыс тілеймін.