Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Уылдырық шашу кезеңі басталады

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №310 қаулысы және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 11939 бұйрығы негізінде Қазақстанның барлық су айдындарында балық уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынады. Атап айтқанда, Қапшағай су қоймасында тыйым 2019 жылғы 5 сәуірден 20 мамырға дейін және Балқаш көлінде 2019 жылғы 15 сәуірден 1 маусымға дейін қолданылады.

Осыған байланысты, «Рыбпром» ЖШС-нің қорықшылық қызметі толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді. Қызметтің барлық құрамы, ал бұл бастық Т. П. Ассадилаев бастаған 8 қорықшы күшейтілген нұсқада жұмыс істейді. Қызмет қызметкерлерінің негізгі міндеті жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету ортасын қорғау болып табылады. Сондықтан біздің қорықшылар балық шаруашылығы учаскелерін қорғауды күшейту бойынша келесі іс-шараларды жүзеге асырды:

  • қорықшылар белгілі бір учаскелерге бекітіліп, маршруттардың кестелері мен жоспарлары, жасырын бақылау пункттерін қою орындары пысықталды;
  • қорықшылық қызметтің табиғатты қорғау инспекциясының, табиғатты қорғау прокуратурасының, полицияның тиісті бөлімшелерінің нақты өкілдерімен өзара іс-қимыл тәсілдері пысықталды;
  • Балқаш көлінде және Қапшағай су қоймасында уылдырық шашу кезеңінде қорықшылық қызметінің 5 моторлы қайығын пайдалануға рұқсат алынды;
  • уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салу мерзімі көрсетілген аншлагтар орнатылды;
  • жергілікті тұрғындармен және балықшылармен уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салудың маңызы мен жауапкершілік туралы, тіпті уылдырық шашу кезеңінде су айдындарынан кез келген балық алу тәсілдері үшін әрқайсысын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы алдын алу және түсіндіру әңгімелері жүргізілді;
  • су қоймаларын иесіз балық аулау ауларынан тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілуде.