Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Жаңа Қауымдастық – «Балық шаруашылықтары қауымдастығы – BD» ЗТБ құрылды

2018 жылдың соңында Қазақстанда «Балық шаруашылығы қауымдастығы – BD» ЗТБ Республикалық Қауымдастығы аккредиттеуден сәтті өтті, Басқарма төрағасы Д. Е. Өтемұратов. 

Аталған ұйым қызмет түрлерін жүзеге асыруға бағдарланған, олардың ішіндегі анағұрлым маңыздылары облыстағы балық аулаушылардың қоғамдық бірлестіктерінің және балық шаруашылығы саласындағы балық шаруашылығы субъектілерінің қызметін үйлестіру, балық шаруашылығы бөгендерін  және балық және басқа да су жануарларын аулауға квоталар бөлу,  балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлу  бойынша учаскелерді бекітіп беру жөніндегі комиссияларға қатысу және басқа да өкілеттіктер болып табылады.

Ағымдағы жылдың 01 наурызынан бастап «РЫБПРОМ» ЖШС Қауымдастық құрамына кірді, ал компанияның Стратегиялық даму кеңесінің төрағасы С. А. Батырбеков Қауымдастық басқармасының құрамына енгізілді.

Қауымдастықтың негізгі басымдықтары мен міндеттері:

– ең жақсы технологияларды пайдалана отырып, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру және өнеркәсіптік өңдеу;

– жабайы табиғат объектілерін тұрақты және ұтымды пайдалану аспектілерін және жауапты балық аулау қағидаттарын енгізу (ФАО);

– балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) ұзақ мерзімді пайдалануға беру шарттарын өзгерту жолымен балық шаруашылығын басқару қағидаттарын жетілдіру;

– Республикалық маңызы бар су айдындарындағы учаскелерді ірілендіру және олардың санын қысқарту, пайдаланушылар санын қысқарту және учаскелерді беру және балық пен басқа да су жануарларын аулауға квоталар бөлу шарттарына нарықтық тетіктерді енгізу;

– ҚР шегінен тысқары қайта өңделмеген өнім экспортының үлесін азайту.

Біз жаңадан құрылған Қауымдастықтың балық шаруашылығы субъектілерінің мүдделерін қорғау мәселелерінде айтарлықтай нәтижелерге жететіндігіне сенеміз, жаңадан құрылған ұйымның басшылығына табысты болып, істері өркендей берсін деп  тілейміз !!!!