Жалпы сұрақтар
+7 (727) 355-15-26
info@rybprom.kz
Қазақстан үшін ресми дистрибьютор
+7 (727) 290-70-48
sale@aquafoodtrade.kz
Жароков қ., 272Б
Балықты қайта өңдеу және экспорттау – проблемалары мен шешімдері
Қазақстандық «Рыбпром» компаниясы – елдің балық саласының көшбасшысы – қоғамда нарықтың өзекті мәселелерін үнемі көтеріп отырады. Алдыңғы жарияланымдарда біз аквамәдениет (тауарлық балық өсіру) даму перспективалары, балық тұтыну мәселелері және ішкі нарықтағы жағдай туралы айтқанбыз. Бұл ретте, балық өнімдерін өңдеу және экспорттау мәселелері бүгінгі күні әсіресе өткір тұр. Біздің «Рыбпром» компаниясының стратегиялық даму кеңесінің төрағасы Сұңғат Батырбековпен әңгімеміз осы жөнінде.
Сұңғат, қазір қазақстандық балық экспортының жағдайы қалай? Ол шетелде сұранысқа ие ме?
– Экспорт барлық балық саласының жалпы кірісінің негізгі көзі болып табылады. Егер біз еліміздің балық шаруашылығының болашағы туралы айтатын болсақ, онда бұл, сөзсіз, аквамәдениет табиғи су айдындарында балық аулауға балама ретінде әлемдік үрдіс ретінде. Бірақ, егер елдегі саланың экономикалық негіздеріне қарасақ, әзірге ешқандай экспорт бәсекелесуі мүмкін емес, өйткені қаржылық мағынада балықты ішкі тұтыну әлі күнге дейін шамалы болып қалып отыр.
Саланың осыншама маңызды бағыты мемлекеттік қолдауға ие бола ма? Заң шығарушы билік те және атқарушы билікте экспортты дамытудың, оның тетіктерін ынталандырудың маңыздылығын әрдайым атап көрсетеді. Бірақ, өкінішке орай, іс жүзінде нарыққа қатысушылар экспорттың әлеуетін дамытуға мүмкіндік бермейтін белгілі бір проблемалармен бетпе-бет кездеседі.
Мәселе тарихының алдындағы жағдайды қарайық. Айта кету керек, КСРО-да тек үш республика ғана балық шаруашылығының салалық министрліктеріне ие болды: РКФСР, Украина КСР және Қазақ КСР. Бұл еліміздің балық саласының әлеуеті айтарлықтай, ал Қазақстан аумағындағы барлық ішкі су айдындарының халық шаруашылығы маңызы зор екенін мойындау болып табылады.
Қазақстанның теңіздері, көлдері мен өзендерінің қазіргі ихтиофаунасы өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы адамның араласуының өнімі болып табылатынын түсіну маңызды. Яғни, ішкі су қоймаларына балық жіберу оларды пайдаланудан барынша экономикалық нәтиже алу мақсатында жүзеге асырылды. Әрине, ең бейімделген (тұқы және алабұғатектестер) түрлері ғана бейімделіп, дамып кетті. Көпшілігі, мысалы, сиг және бекіретектестер жаппай таралмаған. Кейбіреулері, мысалы, Іле-Балқаш бассейнінде жайын мен жыланбас балықтар бейімделіп кетті, тиісінше, кездейсоқ ұрықтана бастады.
Кеңестік кезеңде жоспарлы экономика кезінде тұщы су балығының экспорттық әлеуетіне ерекше назар аударылған жоқ. Жұрттың бәрін өндіру көлемінің өсуі қызықтырды және қайта өңдеу ішкі сатып алушыға бағытталған болатын. Бұған қоса, өндірістің кейбір түрлері мүлдем тиімсіз болды. Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының келуімен қазақстандық балық кәсіпшілігінің қандай өнімі сыртқы нарықтарда табыспен пайдаланылуы мүмкін деген сұрақ туындады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында шешімі табылды - көксерке экспорты. Өйткені, Еуропаның кейбір елдерінде бұл балыққа сұраныс жоғары және тұрақты. Көксерке -Пасха, Рождество сияқты белгілі мерекелерге дайындалатын дәстүрлі тағам. Сонымен қатар, көксеркенің ақ майсыз еті соңғы 20-30 жылдары жақтаушыларының саны айтарлықтай -өскені дұрыс тамақтануды ұйымдастыру үшін тамаша диеталық өнім болып табылады. Ол Батыс және Солтүстік Еуропада, атап айтқанда Германияда, Францияда, Австрияда, Скандинавия елдерінде және мұхитты мекендейтін балықтармен қатар, тұщы су балығын тұтыну мәдениеті дамыған бірқатар басқа мемлекеттерде сұранысқа ие. Алайда, Еуропаның ішкі су қоймалары көксеркені жеткілікті мөлшерде алуға мүмкіндік бермейді.
Алдымен Еуропа нарығына Ресей, содан кейін Украина сәтті шықты, одан кейін экспорттаушы елдерге өз өнімімен Қазақстан да қосылды. Экспортқа бағдарланудың арқасында, отандық нормативтік база саланы мемлекеттік басқару жүйесі, кәсіпорындарды сертификаттау және өндіріс пен өнім сапасының мониторингі жүйесі әлемдік стандарттарға дейін жақындады. Осылайша, Қазақстаннан шығатын балық экспорты үшін негіз қаланды. 90-шы жылдары балық саласының барлық экономикасын жоғары деңгейге көтеріп, жақсы табысты қамтамасыз еткен көксерке сияқты балықтыңбізде бары үлкен сәттілік деп ойлаймын. Өз уақытында көксерке экспортынан осындай жақсы ақша ағыны болмағанда, Қазақстанның балық шаруашылығы дами алмайтын еді. Әрине, өз уақытында Әрине, өз уақытында Қазақстанның батысында бекіретектестер және бекіретектестердің уылдырығы да осындай локомотив болды. Бірақ Каспийдің бекіре тұқымдас қорының күрт құлдырауына және осы түрлерді алуға мораторий енгізілуге байланысты, бекіретектестер мен қара уылдырық экспорты саланың экономикалық базасы ретінде өзінің өзектілігін жоғалтты.
– Ал экспорттық саланың қайнар көзінде қандай кәсіпорындар тұрды?
– 90-шы жылдардың басында ойыншылар аз болды, бұл КСРО уақытында жұмыс істеген, мысалы, «Балхашбалық» және «Атыраубалық» сияқты ірі кешендер. Кейінірек олар акционерленді және жеке капиталдың қатысуымен ең перспективалы бағыттарды дамытумен айналыса бастады. Жаңа кәсіпорындар пайда болды, атап айтқанда біздің «Рыбпром» компаниясы, ол 2000 жылы сертификаттаудан сәтті өтіп, Еуропалық одақ елдеріне өнімді экспорттау құқығына өз еуронөмірін алды.
Уақыт өте келе, нарықтағы ойыншылар санының ұлғаюына және бәсекелестіктің өсуіне қарай, шикізатқа (су айдындарындағы балыққа) қол жеткізу қиынға соғатыны түсінікті. Алайда, әрбір кәсіпорын өз кәсіпорынының жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында қолжетімді шикізатты қалыпты бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болуға мұқтаж. Өкінішке орай, бұл мәселе проблемасыз болған жоқ, олардың ішіндегі ең бастысы – шикізат нарығын қалыптастырудың стихиялығы және нақты өндірістік бағдарламасыз және негізінен көксеркеге бағытталған қайта өңдеу бойынша жаңа қуаттардың алды-арты ойластырылмай ашылуы. Бұл бүгінгі күні қайта өңдеу қуаттары еліміздегі ауланатын балықтың көлемінен едәуір асып түсуіне алып келді. Осы жерден өндірілетін шикізаттың негізгі түрлеріне бағаның өсуі, түпкілікті өнімнің жоғары өзіндік құны, жеткізілімнің тұрақсыздығы және тапсырыстардың тиісінше орындалмауы.
Айтпақшы, өнімді жеткізудің тұрақсыздығы және Ресейден, Украинадан және Қазақстаннан алынған балық бағасының турбуленттілігі Батыс Еуропаның мейрамханалық және сауда бизнесінің кәсіпорындары өз деңгейінде біздің өнімдерімізден жиі бас тартатынына әсер етті. Бәрі азды-көптіболжанатын көлемдермен және бағалармен істес болуды артық көреді. Осылайша, мысалы, Вьетнам пангасиусы, Африка жайыны, Оңтүстік-Шығыс тиляпиясы және жасанды өсірілген тұщы су балығының басқа да түрлері қазірдің өзінде Еуропадағы нарықтың бір бөлігін басып алды. Көптеген елдер тауарлық көксерке өсіру мәселелерінде алға жылжыды. Осы бәсекелі күресте өзінің экспорттық жайғасымын сақтау үшін, Қазақстан кәсіпшілікті және қайта өңдеуді ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуге, технологиялар трансфертіне және экспорттық өнімнің басқа да түрлерін өндіруге назар аударуы қажет.
– «Кәсіпшілікті және қайта өңдеуді ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету» деген не?
– Бұл балық жіберу, кәсіпшілік, қорларды толтыру және реттеу мәселелері бойынша үлкен ғылыми жұмысты білдіреді. Мысалы, Қазақстанның су қоймаларына көксерке балықтары жіберілгеннен кейін, популяция жарылысы болды. Балықтың үлкен қоры мен нашар кәсіпшілік тез таралған көксеркенің тері ауруының пайда болуына және дамуына әкеліп соқты, және бұл балық біраз уақыт тағамға жарамсыз деп танылды. Көксеркені тіпті су қоймаларынан алып, жай ғана жерге көміп тастаған, себебі сату болған жоқ. Тек 90-шы жылдардың басында ғана қазақстандық көксерке оны қарқынды өндіру басталысымен жоғалған беделін қайтарды. Бұл кәсіп көлемін реттеу және популяцияның денсаулығын бақылау қалай маңызды екенін көрсетеді.
Бізде арнайы салалық ғылыми-зерттеу институты – Қазақ балық шаруашылығы институты бар. Дәл осы құрылымның сапалы жұмысына көбінесе кәсіпшілікке квоталарды есептеу және бекіту, кәсіптік шараларды, уылдырық шашуға тыйым салу уақытын анықтау, табиғи молықтыру үшін орындарды анықтау және т.б. мәселелері байланысты болады. Өлшеулердің дәлдігі және аулауға квоталарды анықтауға объективті көзқарас қажет.
Зайсан-Ертіс бассейнінде шаян популяциясының өсуі болған жағдайды еске түсірейік. Ұзақ уақыт бойы балықшыларға олардың өтініштеріне қарамастан, аулауға квоталар бермеді немесе оларды өте шектеулі түрде берді. Бұл шаян обасының эпизоотиясы салдарынан бір маусымда шаяндардың қырылуына алып келді,ал қазір популяцияны қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет. Қазір Балқашта және Қапшағайда жыланбас балықтармен де тура осындай жағдай туындап отыр. Жыланбастардың саны қарқынды өсуде және Қазақстан бойынша кеңінен таралуда, ал оған бөлінген лимиттер күлкілі. Біздің ойымызша, оның су қоймаларынан жеткілікті алынбағаны байқалады. Популяция санын қысқарту үшін, оны аулау квотасын тез арада ұлғайту керек, әзірше бұл су қоймаларының экожүйесіне зиянды әсерін тигізген емес.
Ғылым, мен салалық ҒЗИ-ларды айтамын, бизнес жағына қарай өрістетуге, онымен ынтымақтасуға, экономика мен экологияның арасындағы тепе-теңдікке қол жеткенде шын мәнінде қолданбалы болуы тиіс. Міндет қиын, бірақ әбден орындауға болады. Әлемдік тәжірибеде мысалдар жеткілікті. Бізге түйісу нүктелерін тауып, эволюциялық жолмен одан әрі қозғалу үшін бірлескен шешімдер әзірлеу қажет. Бизнес сапалы зерттеулер жүргізу және өз жұмысында кейіннен пайдалану үшін ғылыми ұсынымдар алу үшін өздерінің өндірістік алаңдарын, құралдарын, флотын, учаскелерін, материалдарын, статистикасын және басқаларын ұсына алады.
– Сіз нарықтағы жағдайды жақсарту үшін не ұсынар едіңіз?
–Біз, «Рыбпром» компаниясының мамандары, қазір басқа экспорттық позицияларды қатар дамыта отырып, ақшаның елге ағылып келуі үшін талап етілген түрлердің экспорттық әлеуетін белсенді пайдалану қажет деп есептейміз. Яғни, экспортты әртараптандыру қажет, мысалы, Қазақстанда көптаралған балық түрлерімен айналысу қажет, бұлар: табан, мөңке, торта балықтары. Бірнеше жыл бұрын «Рыбпром» компаниясы Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесе отырып, табан балықты балық пастасына, тұздықтар мен дәм күшейткіштеріне қайта өңдеу жобасын жүзеге асырды.
Айта кету керек, мұндай өнім түрлері сұранысқа ие болады. Мысалы, ресейлік кәсіпорындар теңіз шаяны таяқшаларын өндіру үшін негіз болып табылатын нәлімтектес балықтарды (минтай) суримиге белсенді қайта өңдейді, табиғи компоненттерді пайдалану негізінде ұқсас тағамдық балық уылдырығын шығарады. Ресейде және басқа елдерде дамып келе жатқан перспективалы бағыт - тамақ, фармацевтика және жемшөп өнеркәсібінде қолданылатын ферментативті гидролиз.
Тәжірибе мен жасампаздықтан қорықпау керек. Мәселен, «Рыбпром» компаниясына балықтытұздықтар мен маринадтардаөндіру енгізілді, онда үй иелеріне көмек ретінде өнім тазартылғкан, маринадталған, жылумен өңдеуге дайын. Бізде балықты кептірудің және қақтаудың жаңа әдістері бойынша әзірлемелер бар. Бүгінде мұндай өнім көлемінің бір бөлігін біз Еуропа мен таяу шетелдерге экспортқа жібереміз.
Алайда, біз жалпы саланы дамытуға мүдделіміз. Экспорттаушыларға тұрақты дамуға және мемлекеттің дотациясына аз тәуелді болуға мүмкіндік беретін тетіктер жасалуы тиіс деп санаймыз.
– Сіз сала кәсіпорындарының мемлекеттен субсидия алуы ақталды деп санайсыз ба?
– Мемлекет көмегі – жабдықтар сатып алуға гранттар, салық жеңілдіктері, жем-шөп шығындарын субсидиялау және т.б. аквамәдениет сегментін дамыту үшін қажет деп сенемін. Субсидиясыз тауарлы балықтарды жасанды өсіру бойынша тетік жұмысын өзі айналдыра алмайды.
Қайта өңдеуге келетін болсақ, негізінде, бұл сегментте дотация қажет емес. Тек нарық қатысушыларына өндірістің жаңа технологияларын енгізу үшін ғылыми әзірлемелер жетіспейді. Және шикізатқа жеткілікті қолжетімділік жоқ, бұл туралы мен бұрын айтқанмын. Егер осы проблемаларды бірлесіп шешетін болсақ, атап айтқанда, балық аулау квоталарын ақылға қонымды анықтау мен бөлу жұмысын жолға қойып, қазіргі заманғы қайта өңдеу технологияларын өнеркәсіптік пайдалануды қамтамасыз ететін болса, онда сала өзі де көтеріледі.
Біздің компания- қайта өңдеу мен экспорт деңгейін қолдау үшін нарық қатысушысына қалай тырысуға тура келетінінің айқын мысалы. Біз Қазақстанның барлық су айдындарында– Балқашта, Зайсанда, Қапшағайда балық аулаймыз, өзіміздің балық аулау және көлік флотымыз бар. Шикізаттың бір бөлігін Арал және Каспий теңіздерінен сатып аламыз,бір бөлігін импорттаймыз, соның ішінде Ресейден, Қырғызстаннан, алыс шет елдерден. Біздің өнімдеріміз халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған, тек біздің елде ғана емес, шетелде де тұтынушылардың кең ауқымымен бағаланған жоғары сапасы бар. Біз қайда және немен шұғылданатынымызды білеміз.
Саланың дағдарыстан шығу жолдары туралы тақырыпты жалғастыра отырып, экспортты басқа балық түрлерін дамыту жағына әртараптандыру-бұл біздің ойымызша, проблеманың тек бір ғана қыры деп айтқым келеді. Назар аударатын екінші кезең-дайын өнім экспортын ұлғайту пайдасына шикізат экспортының көлемін қысқарту қажеттілігі.
Бұл мәселеге де өте ұқыптылықпен және жауапкершілікпен қарау керек. Біздің кәсіпорын сияқты қайта өңдеуші кәсіпорындар шикізаттың негізгі массасының барынша жоғары өңдеу тереңдігімен дайын өнімге өңделуіне мүдделі. Бұл балық еті мен тіліктері, қақталған және ысталған өнімдер, фарш өнімдері, балық ұны, балықтарға арналған құрама жем. Негізгі қосымша құн Қазақстанда қалуы тиіс. Осының есебінен біздің отандастарымыздың жұмыс орындары болуы және жалақы алуы, ал мемлекет – салықтар алуы тиіс.
Сонымен қатар, сыртқы нарыққа ешқандай өңдеуге ұшыратпастан, тек мұздатумен немесе сұрыптаумен шектеліп, шикізатты ғана жіберетін экспорттаушылардың санаты бар. Бұл жағдайда қайта өңдеу тереңдігі немесе қосымша құн туралы айтуға тура келмейді. Егер мемлекет шикізат экспортының көлемін қысқарта отырып, бұл мәселені реттеуге кіріссе, онда қайта өңдеу көлемі сөзсіз өседі. Бұл әлемнің барлық дамыған елдері қолданатын ақылға қонымды мемлекеттік тәсіл болады. Өнімді барынша қайта өңдеу Қазақстанда жүзеге асырылуы тиіс!
Біз бұл мәселелерді бірнеше рет көтергенбіз және олар тек балық саласындағы кәсіпорындарға ғана қатысты емес. Шикізат елі болғанымыз жеткілікті. Отандық қайта өңдеу қажеттілігі үшін неғұрлым талап етілетін шикізатты шығаруға квоталау, мұндай экспорттаушылар үшін ҚҚС қайтаруға шектеу енгізу қажет. Неге біз мұндай тетіктерді пайдалана алмаймыз? Отандық өндірісті дамыту мен қолдау елдің экономикалық саясатының басымдығы болып табылмайды ма?
Мен тағы да бір, үшінші жолды атап өткім келеді. Жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдер экспортының өсуі үшін, көршілерімізге Қазақстанда олардың шикізатын қайта өңдеуді ұсынуға болады. Мысалы, Ресейдің Қиыр Шығысындағы балық аулау кәсіпорындары өз өнімдерінің бір бөлігін шекара маңындағы Қытайға қайта өңдеуге береді. Біз де Қазақстанда ресейліктерге қайта өңдеу үшін қолайлы жағдайлар ұсына алар едік, оның үстіне Еуропаға экспорттық бағыт әлі де біздің шекараларымызға жақын жатыр. Бірақ бұл бастаманы қолдаудың мемлекеттік шаралары қажет, бұл жөнінде әзірше ешкім ойланып жатқан жоқ. Ал бұл Қазақстанның қайта өңдеу кәсіпорындарының ынтымақтастығы үшін және оларды дамыту үшін жақсы алаң ғой.
– Ал бұл біздің көршілерімізге тиімді бола ма?
– Неге тиімді болмасқа? Мысалға, қазір «Рыбпром» шикізат көлемі бар, бірақ тиісті қайта өңдеуі жоқ ресейлік компаниялармен жұмыс істейді. Оларға логистика мен құн тұрғысынан шикізатты дәл бізде қайта өңдеу тиімді. Ал біздің кәсіпорын үшін бұл табыс табу, зауыт қуатын жүктеуге қосымша мүмкіндік.
Өзбекстанмен де перспективалы ынтымақтастық жолға қойылған. Өзбек компаниялары келесі жылы біздің AQUA ALLIANCE жеміміздің негізінде және біздің технологиялық қолдауымызбен Африка жайынын өсіруге кірісетін болады. Біз Қазақстанда немесе сыртқы нарықтарда сату үшін олардың өнімдерін кепілдікпен сатып алып,біздің зауытта қайта өңдейтін боламыз . Өзбектерде мұндай заманауи кәсіпорындар жоқ және бұл ел жалпы ЕО талаптарына сәйкестігі тұрғысынан әлі сертификатталмаған. Бірақ бұл уақыт мәселесі.
Сондай-ақ, бұл бізде өз өнімдерін қайта өңдеу және оны РФ және басқа елдердің нарықтарына жылжыту тиімді болатын Қырғызстан кәсіпорындарына да қатысты. Алайда, мұндай келісім-шарттарды тарту үшін, біздің ойымызша, қолайлылықтың қосымша тетіктерін ойластыру қажет. Мысалы, біздің елдердің арасында баж салығын (олар бар жерде) алып тастау немесе осындай мәмілелер үшін импорт кезінде ҚҚС-ты төмендету.
Қазақстандық шикізатқа қолжетімділікті қатаң квоталау жағдайында көрші елдермен ынтымақтастықтың бұл жолы және қызмет көрсету нарығын дамыту Қазақстанның балық өңдеу саласын әртараптандыру тәсілдерінің бірі болып табылады.
– Сіз айтып отырған үш механизмнің бірі көп ұзамай тәжірибеге енгізілетін болады және Қазақстанның балық саласы табысты және тұрақты жұмыс істейтін болады деп үміттенемін. Табыс тілеймін!
Басқа жаңалықтар


