Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Көксерке мен құбылмалы бахтах балықтан жасалған дуэт

Ингредиенттері

Көксерке субесі - 120 г

Бахтах сүбесі - 60 г

Зәйтүн майы - 60 г

Дәмдеуіштер - 2 г

Тұз - 2 г

Гүлшетен - 1 бұтақша

Сарымсақ - 2 бөлік

Кілегей 30% - 20 г

«Кус Кус» жармасы - 50 г

Бұрыш светофор беби - 60 г

Балғын асжапырақ - 20 г

Қасқыржем - 15 г

Сегізаяқтың қармауыштары - 20 г

Қызыл шарап - 80 г

Қант - 10 г

Бальзамды сіркесуы - 10 г

Даярлау тәсілі

Тұздық даярлау:

Ожауға қызыл шараптың буын шығарып қайнатамыз.Бальзамды сусіркесін, қант, тұз бен гүлшетен бұтақшасын қосамыз. Тұздықты 7 минут баяу отта бұқтырып қоямыз.

Гарнирді даярлау:

Болгар бұрышын ұсақ текшелермен кесеміз, зәйтүн майына салып қуырамыз. Қуырылған бұрышқа жарманы салып, тұздықтаймыз, қайнаған су құйып, бөрітіп қоямыз. Содан кейін кілегей қосып, баяу отта қыздырамыз.

Көксерке мен бахтах  етін дәмдеуіштермен, сарымсақпен, гүлшетенмен дәмдейміз, зәйтүн майын және ақ шарап себеміз. Конверт секілді бүктеп, 180 градус температурада 7-9 минутқа қыздырылған тұмшапешке қоямыз.

Балық үстелге кус куспен, асжапырақпен және ақ шарапта бөктірілген сегізаяқтың қармауыштарымен қойылады, тұздық құйылады.