Жалпы сұрақтар
+7 (727) 355-15-26
info@rybprom.kz
Қазақстан үшін ресми дистрибьютор
+7 (727) 290-70-48
sale@aquafoodtrade.kz
Жароков қ., 272Б
Көкөніс жульенімен көксерке мен бахтахтан жасалған орама

Ингредиенттері
Бахтах сүбесі ж/м - 55 г
Ақ нан - 15 г
Сүт - 50 мл
Кілегей 30% - 20 г
Балғын насыбайгүл - 5 г
Балғын ақжелкен - 5 г
Тұз - 3 г
Ұнтақталған бұрыш - 1 г
Терідегі көксерке сүбесі - 80 г
Хош иісті май - 10 г
Гарнир:
Порей пиязы - 20 г
Сәбіз - 40 г
Кәді - 40 г
Сарымсақ - 5 г
Ақ шарап - 10 мл
Кілегей 30% - 30 г
Тұз, бұрыш - 2 г
Хош иісті май - 20 гҚабаттама қамыр - 15 г
Даярлау тәсілі
Нанды бір сағатқа сүтке жібітеміз. Салма үшін бахтах етін шағын бөліктерге кесеміз, сығылған нанды қосамыз және ет тартқыштан өткіземіз, ұсақтап кесілген аскөк, тұз, бұрыш қосамыз, кілегей құйып, араластырамыз. Көксерке етін бұрыштаймыз, тұздаймыз, хош иісті майын бүркіп себеміз, етке салманы салып, дөңгелектеп ораймыз. Формасын бекіту үшін, қабаттама қамыр тілкемімен ораймыз.10-12 минут бойы 170 градус температурада пісіреміз.
Гарнирге арналған көкөністерді ұзыншалап кесеміз, майда бір минуттай шала қуырамыз, ақ шарап қосып, бір минут бұқтырып пісіреміз, содан кейін тұздаймыз және бұрыштаймыз. 30% кілегей құямыз да, бір минут бұқтырамыз.
Дайын тағамды «Голланд» немесе « Айоли» тұздықтарымен қоюға болады.
Хош иісті май үшін 100 грамм зәйтүн майын, жебіршөп бұтақшасын, гүлшетен, екі бөлік сарымсақ , лавр жапырағын, домалақ бұрыш аламыз. Барлық ингредиенттерді темір ожауға біріктіріп салып, 90 градусқа дейін қыздырамыз. Суытамыз және барлық ингредиенттерімен бірге қақпағы бар ыдысқа аударамыз.
Басқа рецепттер


