Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Көкөніс жульенімен балық кәуабы

Ингредиенттері

балық жентегі (Рыбпром) - 200 г
Сәбіз - 200 г
Порей пиязы - 200 г
Болгар бұрышы - 200 г
Балдыркөк сабағы - 100 г
Тұз - 3 г
Ұнтақталған қара бұрыш - 2 г
Сары май/қорытылған - 2 г
Күнзе - 2 г
Өсімдік майы - 2 мл
Ұнтақталған қара бұрыш - 1 г
Түйінді бұрыш - 100 г
Ұн - 100 г
Пісіруге арналған қағаз - 1/1

Даярлау тәсілі

Балық жентегін  аламыз да, жақсылап илейміз, тұз, бұрыш, күнзе қосамыз. Түйінді пиязды сарғайғанша қуырамыз, суытамыз да, жентекке қосамыз. Қорытылған майды жұмсақ күйге дейін ерітіп, оны да фаршқа қосамыз, бәрін жақсылап араластырамыз. Жентекті кәуап пішініне келтіреміз.

Қағаз төселген табаға аздап өсімдік майын сіндіреміз де, 180-185температурада 10-15 минутқа тұмшапешке/хосперге/газ шкафына қоямыз.

Көкөністерді өте жұқа жульен тіліктерімен кесеміз. Үккішті қолдануға болады. Аздап тұздаймыз, қалған дәмдеуіштерді себеміз, жақсылап ұнға аунатамыз. Майды қыздырып, көкөніст ерді фритюр технологиясы бойынша қуырамыз (үйде бұл сәл терең табақ немесе қажет емес ыдыс/шөміш болуы мүмкін). Қуырылған көкөністерді майлыққа салып, майын кетіреміз, содан кейін тәрелкеге төбешіктеп немесе жастықшалап қоямыз.

Кәуапты саламыз, йогуртпен немесе үй қаймағымен қоюға болады, дәміне қарай аздап тұздауға болады. Күнзенің қалдығын қалауымызша тұздыққа саламыз.