Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Көкөністер мен екі тұздық қосылатын балық микс қақтамасы

Ингредиенттері

Балық котлеттері ж/д:
Туралған балық жентегі ж/м - 280 г
Жартылай ащы қызыл бұрыш - 3 г
Тұз - 3 г
Ұнтақталған домалақ қара бұрыш - 2 г
Тауық жұмыртқасы сарыуыз - 1 дана

Балық миксі ж/д:
Сазан  сүбесі ж/м - 450 г
Бахтах сүбесі ж/м - 300 г
Көксерке субесі  ж/м - 410 г
Тұз - 3 г
Ұнтақталған домалақ қара бұрыш - 2 г
HoReCa Select балық дәмдеуіші - 2 г
Күнбағысмайы - 15 мл
Зәйтүнмайы - 20 мл
Сарымсақ - 5 г
Жебіршөп балғын - 3 г
Гүлшетен балғын - 3 г
Гарнир:
Фенхель - 114 г
Болгар бұрышы - 82 г
Чили бұрышы - 32 г
Кәді немесе Цуккини - 46 г
Баялды - 48 г
Сәбіз - 48 г
Тұз, ұнтақталған домалақ қара бұрыш, прованс шөптері
Қызанақ тұздығы:
Өз шырынындағы қызанақ - 150 г
Лемонграсс (Лимон құмайы) - 4 г
Галангал (сиам зімбірі) - 7 г
Чили бұрышы балғын - 2 г
Насыбайгүл балғын - 3 г
Тұз - 2 г
Қант - 1 г
Сарымсақ - 5 г
Ұнтақталған домалақ қара бұрыш - 2 г
Күнбағыс майы - 24 мл
Кілегейлі тұздық:
Құрғақ ақ шарап - 30 мл
Кілегей 30 % - 100 г
Ақжелкен - 4 г
Күнзе - 3 г
сарымсақ - 4 г
Тұз - 2 г
Ұнтақталған домалақ қара бұрыш - 1 г
Күнбағыс майы - 15 г

Даярлау тәсілі

Балық котлеттері ж/д:

Балық жентегін аламыз, дәмдеуіштер қосамыз, жұмыртқа сарыуызын қосамыз, илейміз. Екі котлет жасаймыз.

Балық миксі ж/ф:

Қабырға сүйектерін алып, балық етін дайындаймыз. Тұзбен, бұрышпен және балық дәмдеуіштерімен дәмдейміз. «Хош иісті май» дайындаймыз: Күнбағыс майы құйылған шәшкеге майдаланған сарымсақ, жебіршөп және гүлшетен қосып, демдеп қоямыз.

Гарнир:

Көкөністерді кесіп, дәмдеуіштер қосамыз.

Қызанақ тұздығы:

Сарымсақты, галангал мен чили бұрышын (дәнсіз) ұсақтаймыз және сотейникте күнбағыс майына аздап қуырамыз. Өз шырынындағы қызанақтарды қосамыз да, қайнатамыз. Содан кейін ұсақтап кесілген насыбайгүл, дәміне қарай тұз, бұрыш және қант қосамыз.

Кілегейлі тұздық:

Сотейникте, күнбағыс майына ұсақтап туралған сарымсақты және ақ шарапты қуырамыз, аздап қайнатамыз. Содан кейін ұсақтап туралған аскөкті, кілегейді қосамыз және қайнатамыз. Тұз, бұрыш қосып, дәмін келтіреміз.

Негізгі даярлау технологиясы

Қақтаманы 220 – 240 `C температураға дейін қызытамыз. Жаққыштың көмегімен балықтың әрбір кесегіне «хош иісті май» жағамыз да, екі жағынан дайын болғанға дейін қуырамыз. Осындай тәсілмен балық котлеттерін, сондай-ақ гарнирге арналған көкөністерді қуырамыз.

Ағаш табаққа қиғашпен қуырылған балық кесектері мен котлеттерді қоямыз. Шеттеріне қуырылған көкөністерді саламыз. Тұздықтарды тұздық сауттарға салып береді. Табақ фризе, күлгін пиязбен және гүлшетен бұтақшаларымен безендірледі.