Жалпы сұрақтар
+7 (727) 355-15-26
info@rybprom.kz
Қазақстан үшін ресми дистрибьютор
+7 (727) 290-70-48
sale@aquafoodtrade.kz
Жароков қ., 272Б
Балық тұз көжесі

Ингредиенттері
5-7 порцияға арналған
Бахтах сүбесі - 150 г
Көксерке сүбесі - 150 г
Сазан еті - 150 г
Алабұға сүбесі - 150 г
Түйінді пияз - 150 г
Сәбіз - 100 г
Балдыркөк - 70 г
Бөшке қияры - 100 г
Қызанақ пастасы - 150 г
Лимон - 1 дана
Сұйық түтін - 5 г
Өсімдік майы - 50 мл
Лавр жапырағы - 2 дана
Домалақ бұрыш - 5-7 дана
Дәміне қарай тұз, бұрыш
Безендіруге аскөк, ақжелкен
Балық сорпасы - 1,5 л
Даярлау тәсілі
Балықты шағын бөліктерге 3 см-ден кесеміз.
Пиязды шағын текшелермен кесеміз. Көкөністерді тілімдерге кесеміз. Терең кәстрөлге майды қыздырып, көкөністерді сары түске айналғанша шала қуырамыз, қияр қосып, бір-екі минут қуырамыз. Қызанақ пастасын саламыз да, тағы да жеті минут пісіреміз. Сорпа, лавр жапырағын, домалақ бұрыш қосамыз, баяу отта 10 минут пісіреміз. Жарты лимонның шырынын қысамыз да, сұйық түтін құямыз, тұздаймыз, бұрыштаймыз. Балықты қосып, баяу отта жеті-он минут пісіреміз. Үстелге қояр кезде аскөкпен және лимон тіліктерімен безендіреміз. Қалауынша зәйтүн қосуға болады.
Басқа рецепттер


