Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Құнысбалық еті

Сипаттама

Құнысбалық (лат. Oncorhynchus gorbuscha) – албырт тұқымдас көші-қон балық. Мекендейтін аймағы - Тынық мұхитының азиялық және американдық жағалауы. Камчатка, Куриль аралдары, Сахалин ауданында және Хоккайдо (Жапония) жағасында кездеседі.

Тамақтану және энергияның құндылығы

140 ккал /586 кДж

Өңдеу түрі

Бөлінген

Қаптама түрі

Пакетте

Салмағы

Пакеттер әр түрлі. Салмағы тиянақталмаған.

Сақтау мерзімі мен шарттары

-18°C жоғары емес температурада 6 айдан көп емес. Қайта мұздатуға болмайды.

Бағасын алыңыз немесе нөмірге қоңырау шалыңыз +7 (727) 331-13-79

Дайындау әдісі

Құнысбалықты тұмшапеште  пісіруге арналған ингредиенттер: 1 шағын құнысбалық; 2 қалыпты пияз; 100 г балғын қатты майлы  ірімшік; 2 сәбіз; 100 г майонез; кепкен нан ұнтағы; аскөк бумасы; тұз, қара бұрыш.

Тұмшапеште тілімдермен құнысбалықты ірімшікпен бірге дайындау :

Ингредиенттердің көрсетілген мөлшерінен 6 порция дайындауға болады, сіздің 1 сағат уақытыңызды алады. Құнысбалық етін бөліңіз, үлестеп кескен тілімдерге кесіңіз, май жағылған табаға салыңыз. Құнысбалықты тұмшапеште ірімшікпен бірге пісіру үшін жұқалтырды қолдануға болады. Сәбіз бен пияз ұзыншалап кесіліп, сары майға қуырыңыз. Балықтың кесектерін тұздаңыз. бұрыштаңыз, үстінен сәбіз бен пияз салыңыз. Тағамның үстіне үгілген ірімшік себіңіз. Балықты майонезмен майлаңыз, үстіңгі жағына кепкен нан ұнтағвн себіңіз, содан кейін сары май салыңыз. Жұқалтырдағы балықты 200 градуста жарты сағат пісіріңіз.