Жалпы сұрақтар

+7 (727) 355-15-26

info@rybprom.kz

Қазақстан үшін ресми дистрибьютор

+7 (727) 290-70-48

sale@aquafoodtrade.kz

Жароков қ., 272Б

Қалай өтуге болады

Көксерке сүбесі, қызыл уылдырық пен күнжіт тұздығы қосылған жылы салат

Ингредиенттері

Көксерке   сүбесі - 200 г
Аскөк миксі - 4 г
Қақталған қызанақ - 4 г
Қызыл уылдырық - 3 г
Бөдене жұмыртқасы - 3  дана
Күнжіт пастасы - 15 г
Зәйтүн майы - 4 мл
Сарымсақ - 8 г
Жебіршөп - 3 г
Күнжіт дәнегі - 3 гр
Тұз,қара бұрыш

Даярлау тәсілі

Тұздық даярлау:

Пісірілген бөдене жұмыртқаларын тазалаймыз да, бойымен кесеміз. Сарыуызын аламыз, ол бізге тұздық жасауға қажет болады. Үш жұмыртқаның сарыуызын үгеміз, 0,015 кг күнжіт пастасын қосамыз, сондай-ақ 0,02 л. Зәйтүн майын құямыз және 0,003 кг ұсақ туралған сарымсақ қосамыз. Бәрін біркелкі массаға араластырамыз.

Көксерке етін даярлау:

Көксерке етін жібітіп, етін терісінен ажыратыңыз. Етті шағын текшелерге бөліп тураңыз.

Балықты тұзбен, бұрышпен, жебіршөппен және 0,02 л. зәйтүн майымен маринадтаңыз.

Пергаментке салып, алдын ала  180 градусқа дейін қыздырылған қуыру шкафына 10 минут пісіріңіз.

Салат даярлау:

0,04 кг. аскөк миксі (қалауыңызша кез келген аскөкті қолдануға болады).Аскөк миксіне тұздықтың жарты бөлігін құямыз да, тәрелкеге саламыз. Микс аскөктің үстіне пісірілген көксерке етін саламыз. Бөдене жұмыртқаларының жарты бөліктеріне қызыл уылдырық толтырып, микс аскөктің үстіне қоямыз. Қақталған қызанақтарды салатқа салып, үстінен қалған тұздықты құямыз және күнжіт дәнегін себеміз.