Жалпы сұрақтар
+7 (727) 355-15-26
info@rybprom.kz
Қазақстан үшін ресми дистрибьютор
+7 (727) 290-70-48
sale@aquafoodtrade.kz
Жароков қ., 272Б
Қуырылған көксеркемен қызанақ көжесі

Ингредиенттері
5 - 7 порцияға
Көксерке сүбесі - 300 г
Түйінді пияз - 100 г
Сарымсақ - 20 г
Өз шырынындағы қызанақтар - 900 г
Ақ шарап - 30 г
Зәйтүн майы - 50 г
Балық сорпасы - 1 л
Прованс шөптері - 1 г
Балық дәмдеуіштері - 10 г
Тұз, бұрыш дәміне қарай
Сәндеу үшін балғын насыбайгүл
Даярлау тәсілі
Көксерек етінен терісі сыдырылып алынады, 4 см-ден кесектерге туралады. Дәмдеуіштер себіледі.Зәйтүн майына екі жағынан қуырылады, содан кейін жылы орынға қойылады.
Пияз бен сарымсақ ұсақ текшелерге туралады. Кәстрөлге майды қыздырып, көкөністер қосылады, бір минут шала қуырылады, шарап құйылып, үш минут бұқтырылады. Прованс шөптері мен қызанақ қосылады.
Араластырыла отырып, бес минут бұқтырылады. Балық сорпасы құйылып, он минут пісіріледі. Дәмі келтіріледі. Сорпа терең тәрелкемен ішіне қуырылған балық салынады, балғын насыбайгүлмен сәнделеді.
Басқа рецепттер



