Компания жайлы
ТОО «РЫБПРОМ» - халықаралық салалық сапа және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарына сай балық аулаумен, қайта өңдеумен және балық өнімдерін шығарумен айналысатын жетекші қазақстандық кәсіпорын.

"Рыбпром"-ның балық аулау және оның қайта өңдеу мәселелеріндегі басымдықтар табиғатты пайдалану шарттарын толықтай сақтау, су экожүйелерінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау, аулаудың селективті құралдарын пайдалану, балық шикізатының сақталуын және тереңінен қайта өңделуін қамтамасыз ету болып табылады. Балық қорларын толықтыру мақсатында компания су қоймаларына жыл сайын балық жіберу арқылы балық өсіру материалын жасанды жолмен молайтуды жүзеге асырады. Бұл шаралар тұщы сулы су қоймаларының экожүйелерііне жағымсыз әсерді азайта отырып және балық саласының тұрақты дамуына жағдай жасай отырып, балық ресурстарын бұрынғыдан да тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

"Рыбпром"-ның даму тарихы 2000 жылдан бастау алған. Қызметін бастағалы бері компания қалдықсыз өндіретін және тұтынатын тұйық циклды тік-интеграцияланған өндірістік холдингке дейін өсті:
- балық аулау,
- балықты қайта өңдеу және өнім шығару: жаңа мұздатылған балық сүбесі, қақталған балық , балық жартылай фабрикаттары.
- балық өндірісі қалдықтарынан жасалған азықтық балық ұнын өндіру;
- балық құрама азықтарын өндіру.
Біз балық аулаудан немесе өсіруден бастап клиенттерімізге дайын өнімді жеткізуге дейінгі барлық өндіріс кезеңдерін бақылауда ұстаймыз.
Біздің өнімдерімізге арналған балық шикізаты еліміздің балық аулау кәсібімен айналысатын су қоймаларынан, оған қоса Балқаш көлінен, Зайсан көлінен, Қапшағай су қоймасынан, Арал теңізінен аулап алынады. Дайын өнімді өткізу нарықтарына Еуропалық одақ, Солтүстік Америка, ТМД және Азия жатады.
Біз өз балық өнімдеріміздің Қазақстан нарығында да, елімізден тыс жерде де сұранысқа ие болуына бар күшімізді салудамыз. Сондықтан біз өндірістік үдерістерді үздіксіз жетілдіріп, халықаралық стандарттарға және тұтынушыларымыз бен серіктестеріміздің үміттеріне сай болудың анағұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізе отырып, өнімнің сапасын арттырып келеміз.
"Рыбпром" компаниясының саясаты өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына, сондай-ақ клиенттерге және қоршаған ортаға деген қамқорлыққа негізделген.
Сонымен қатар, біз экология және тұрақты даму мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Біз Қазақстанның экологиялық таза аудандарымен ғана жұмыс істейміз және жауапты балық аулау қағидаларын ұстанамыз.
Біздің компания біздің құндылықтарымыз бен қағидаларымызға қосылатын кез келгенұйымдармен және кәсіпорындармен ынтымақтасуға дайын. Біз өнімдеріміздің жоғарысапасына және жұмысқа кәсіби көзқарасқа, сондай-ақ барлық қажетті стандарттар менталаптардың сақталуына кепілдік береміз.
Біздің компания біздің құндылықтарымыз бен қағидаларымызға қосылатын кез келгенұйымдармен және кәсіпорындармен ынтымақтасуға дайын. Біз өнімдеріміздің жоғарысапасына және жұмысқа кәсіби көзқарасқа, сондай-ақ барлық қажетті стандарттар менталаптардың сақталуына кепілдік береміз.