"FishProdEx" ЖШС балық өнімдері өндірісіне маманданған жетекші қазақстандық кәсіпорын болып табылады. Компания мүшеленген балықтан, балық сүбесі мен ұшасынан, қақталған және ысталған балықтан, сондай-ақ алуан түрлі балық жартылай фабрикаттарынан құралатын өнімдердің кең ассортиментін шығарады.
Жыл сайын кәсіпорын сыртқы нарықтарға экспортталатын және ішкі қазақстандық нарықта өткізілетін жоғары сұранысқа ие жоғары сапалы балық өнімдерінің 2000 астам тоннасын шығарады. "FishProdEx" ЖШС балық өнімдерінің ассортименті әр дүкендегі балық өнімдеріне арналған сөрені толтыру үшін жетерліктей кең болып табылады.
Компаниялар тобы
"Рыбпром" компаниясы - бұл жоғары сапалы балық өнімдерін өндірудің және өткізудің бүкіл тізбегіне жетекшілік ететін холдингтің басқарушы компаниясы.
"Рыбпром" тобының құрамына әрқайсысы жекелеген бизнес бағыттарымен айналысатын бірнеше еншілес компания кіреді:

- "Fish Prodex" - балық өнімдерін қайта өңдеумен және тасымалдаумен айналысатын компания.
- "Aqua Alliance" - балықтарға арналған экструдерленген құрама азықтарды шығарумен және солардың негізінде аквамәдениетті дамытумен айналысатын компания.
- "Aqua Food Trade"- біздің өнімдеріміздің маркетингісімен және оларды ішкі нарықта өткізумен айналысатын компания.
Компания 2013 жылдан бері тұқы, бекіре және албырт балықтарына арналған экструдерленген құрама азық шығарумен, сондай-ақ құбылмалы бақтақты жасанды жолмен өсірумен айналысып келеді. Компанияның ресурстарында аквамәдениет саласындағы ең үздік отандық және шетелдік мамандардың білімдері және алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар бар.
10 жылдан асатын даму тарихының барысында Компания азық өндіру және аквамәдениет саласындағы әлемдік көшбасшылармен мықты серіктестік қатынастарды қалыптастыра алды, онымен қоса оларды тәжірибесін үлгі ретінде қолданып, инновациялық техникалық үдерісті біріктірді.
10 жылдан асатын даму тарихының барысында Компания азық өндіру және аквамәдениет саласындағы әлемдік көшбасшылармен мықты серіктестік қатынастарды қалыптастыра алды, онымен қоса оларды тәжірибесін үлгі ретінде қолданып, инновациялық техникалық үдерісті біріктірді.
Біз топтың әрбір компаниясының Қазақстанның балық саласында алған өз орнында көшбасшы және пионер болып табылатынын мақтан тұтамыз. Біз жоғары сапалы өнімдерді шығарып қана қоймай, анағұрлым тығыз өзара әрекеттесуге және РЫБПРОМ тұрақты бизнес-экожүйесін қалыптастыруға негізделген бизнестің жаңа бағыттарын дамытамыз.