Жобалар
"Рыбпром" компаниясы серіктестер мен инвесторлардың қызығушылығын тудыруы мүмкін балық шаруашылығы саласындағы бірегей жобаларға инвестиция салу мүмкіндіктерін ұсынады. Жоғары сапалы балық өнімдері өндірісі мен экспортын құрудағы және басқарудағы біздің көпжылдық тәжірибеміз РЫБПРОМ холдингінің инвестициялық жоспарларын тиімді іске асырудың кепілі болып табылады.
Біз Қазақстанда балық саласын дамытудың айтарлықтай әлеуетін түсінетін серіктестер мен инвесторларды шақырамыз және келешегі зор жобаларға қаражат салуға дайынбыз. Біз салымдардың табыстылығының жоғары болатынына және жұмыста кәсіби тәсілдеменің қолданылатынына кепілдік береміз.
Біз Қазақстанда балық саласын дамытудың маңызды әлеуетін түсінетін серіктестер мен инвесторларды шақырамыз. Өз тарапымыздан, біз салымдардың жоғары табыстылығына және жұмыстың кәсіби тәсілдермен атқарылатынына кепілдік береміз.
Бұл жоба, негізінен, жасанды жағдайларда өсірілген балықты терең қайта өңдеуді қамтамасыз
етуге бағытталған. Бүгінгі таңда отандық қайта өңдеуші кәсіпорындарда қолданылып жүрген
қуаттар тауарлық балық шаруашылығының артып келе жатқан көлемдерін қамтамасыз етуге
мүмкіндік бермей отыр. Бұл аталған өндірістердің техникалық да, технологиялық та
мүмкіндіктеріне қатысты. Тауарлық балық шаруашылығы объектілерінің негізгі нарықтардағы
балық тұтынудың жалпы көлеміндегі үлесінің өсіп келе жатқан пайызы дайын өнім экспортын
дамыту үшін негіз құрады.
Осы мақсатпен біз балық шикізатын қайта өңдейтін қазіргі заманға сай зауытты салу және
пайдалану мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Бұл кешен өнімдердің кең ассортиментін
шығаруды қамтамасыз ететін өндірісті барынша техникалық және технологиялық
жабдықтардан құралатын болады. Аталған кәсіпорында өнімдерді дерлік барлық әлемдік
нарықтарда ұсынуға мүмкіндік беретін бірден бірнеше IFS, BRC, Bio стандарттары және басқа
стандарттар енгізіледі.
Бұл жобаның іске асырылуы бізге қазақстандың тауарлық балық брендін халықаралық
деңгейге шығаруға және отандық балық саласын дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік
береді.
Біздің жобаларымыздың бірі – бұл премиум класты өнімдерді шығаруға және жаңа ауланған
балықты тікелей тұтынушыларымызға жеткізуге мүмкіндік беретін ең соңғы үлгідегі құрал-
жабдықтармен жабдықталатын заманауи сертификатталған балық өсіру кешенін салу болып
табылады.
Максималды энергия тимділігі және тауарлық балық шаруашылығының табиғи экожүйелер
үшін экологиялық қауіпсізідігі осы жобаның негізгі техникалық критерийлері болып табылады.
Өндіріс қалдықтарын басқару мәселелерінде біз балық кәсіпшілігі мен балық
шаруашылығының қалдықтарын 100% қайта өңдеуді қамтамасыз ете отырып, Zero Waste
тұжырымдамасын басшылыққа алуды көздеп отырмыз.
Одан басқа, жоба шеңберінде біз сертификатталған балық био-құрама жемдерін пайдалана
отырып, органик-аквамәдениетті дамытуды жоспарладық.
«РЫБПРОМ» холдингін инвестициялық дамытудың ең перспективалы бағыттарының бірі
құрама жем өндірісінің өнімдерін жетілдіру, балық құрама жемдері желісін дамыту және
өндірістік қуаттарды кеңейту болып табылады. Жаңа құрама жем зауытының құрылысы ЕО
мемлекеттерінде және АҚШ-та қолданылатын сапа және тамақ қауіпсіздігі бойынша
талаптарға сай болатын балық құрама жемдері өндірісінің көлемдерін айтарлықтай
арттыруды көздейді.
Тұйықталған сумен қамту жүйелерінде қолдануға арналған өнімдердің және бастапқы құрама
жемдердің толық желісінің шығарылуы отандық балық өсірушілерге және біздің шетелдік
клиенттерімізге толықтай біздің кәсіпорындарымызда шығарылатын құрама жемдерге
ауысуға мүмкіндік береді.
Жаңа құрама жем зауытын құрылыстардың энергия тиімділігі бойынша халықаралық
стандарттардың негізінде және жем өндірушілер үшін қолданылатын сапа менеджменті және
тамақ қауіпсіздігі саласындағы еуропалық салалық стандарттарды ескере отырып жобалау
және салу жоспарланып отыр. Зауыттың энергия тұтыну көлемінің бір бөлігі ЕО
мемлекеттерінде осы сияқты өндірістерде қолданылатын техникалық сәйкестіктің талап
етілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, баламалы энергия көздерін пайдалануға
негізделген.
Серіктестер мен инвесторлар үшін
Біз құндылықтарымызды қолдайтын және өз қызметінде жоғары сапа стандарттарына жетуге ұмтылатын жергілікті және халықаралық компаниялармен серіктестік орнатуға мүдделіміз.